Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Билік Шахановтың соңғы аманатын орындамайтын болды

Билік Шахановтың соңғы аманатын орындамайтын болды
ашық дереккөзден

Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салуға байланысты ресми ақпарат жарияланды. Бұл туралы Қазақстан жазушылар одағы Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Жарияланған мәліметке сәйкес, ақынмен қоштасу және жерлеу рәсімдері бірнеше кезең бойынша өтеді. 20 сәуір күні сағат 19:00-де "Жұлдыз" мейрамханасында қонақасы беріледі. Ал негізгі қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Сол күні сағат 11:30-да ақынның денесі "Кеңсай-2" зиратына жерленеді. Сонымен қатар, 21 сәуір күні сағат 13:00-де "LuxHall" мейрамханасында ас беріледі.

Осыған дейін ақынның жұбайы Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы өтініш жолдап, Мұхтар Шахановтың соңғы аманатын орындау мәселесін көтерген болатын.