Ақтаудағы жергілікті блогерлер полицияға арызданып, өздерінің интимдік сипаттағы жеке видеоматериалдарының ұрланғанын және әлеуметтік желілерде таратылып жатқанын хабарлаған. Құқық қорғау органдары тиісті шараларды қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Арызданушылардың айтуынша, бұл дерекке бұрын өздерімен бірге жұмыс істеген мобилографтардың бірінің қатысы болуы мүмкін.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жеке өмір туралы мәліметтерді адамның келісімінсіз заңсыз тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті хабарлағандай, арыз түскен сәттен бастап қызметкерлер жедел әрекет етіп, зардап шегушілермен тұрақты байланыста болған.