Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атыраудағы қанды қылмыс: өмір бойына сотталғандар "Қара бүркітке" этапталды

Атыраудағы қанды қылмыс: өмір бойына сотталғандар "Қара бүркітке" этапталды
gov.kz

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайыржанов өмір бойына жаза өтейтін "Қара бүркіт" колониясына жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ulysmedia.kz жазуынша, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталғандар заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жазасын өтеу орнына этапталған.

"Аталған сотталғандар белгіленген рәсім бойынша жазасын өтеу орнына жіберілді", – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, апелляциялық сот шешімінен кейін олар екі айға жуық уақыт бойы Атыраудағы тергеу изоляторында болған. Бұған өмір бойына сотталғандарды тасымалдау үшін арнайы күзет пен Ұлттық ұланның сүйемелдеуі қажет екені себеп болған.

Енді сотталғандар жазаларын қатаң режимдегі, өмірлік мерзімге сотталғандарға арналған "Қара бүркіт" колониясында өтейтін болады.