Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды
Сурет: ашық дереккөзден

Алматыдағы арықтардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, марқұм мас күйінде тепе-теңдігін жоғалтып, құлап кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматыдағы жазатайым оқиға туралы ақпарат Halyqstan Telegram-арнасында жарияланды.

«Арықтан ер адамның мәйіті табылды: оны құбыр сорып кеткен. Арықтағы қоқысты тазартуға келген коммуналдық қызметкерлер қоқыстың орнына мәйітті тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам мас болған және жаңбыр кезінде арыққа құлап кеткен», - делінген хабарламада.

Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам алкогольдік мас күйінде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлаған. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайлары тергеу барысында анықталады. Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», - деп мәлімдеді ПД өкілдері.