Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

«ҚТЖ» 3 трлн теңгеден астам қарызына қарамастан тағы 1 млрд доллар қарыз алмақ

«ҚТЖ» 3 трлн теңгеден астам қарызына қарамастан тағы 1 млрд доллар  қарыз алмақ
Сурет: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қарыз жүктемесінің өсуіне қарамастан облигациялар шығару арқылы $1 млрд тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Arasha.kz. Exclusive.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мәліметінше, қарыз екі транш арқылы орналастырылады, олардың мерзімі 5 және 10 жылға дейін болады. Тартылған қаражат инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталмақ. Соның ішінде Wabtec компаниясынан локомотивтер сатып алу жоспары бар.

Облигациялар халықаралық нарықтарда, сондай-ақ Қазақстандағы KASE және AIX биржаларында орналастырылады.

Міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде компания «Қазтеміртранс» және «КТЖ-Жүк тасымалы» атты еншілес ұйымдарының активтерін пайдалануды көздеп отыр.

Сонымен қатар тасымалдаушы компанияның қарыз жүктемесі өсіп келеді. Егер 2024 жылы ол шамамен 2,65 трлн теңге болса, 2025 жылдың ортасына қарай 3 трлн теңгеге жуықтаған.

Осыған қарамастан «Қазақстан темір жолы» компаниясы қаржылық тұрақтылық сақталып отырғанын және міндеттемелерін операциялық табыс есебінен өтеуге қабілетті екенін мәлімдеді.

Бөлісу