Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Әрбір азамат заң үстемдік құрған қоғамда өмір сүргісі келеді

Әрбір азамат заң үстемдік құрған қоғамда өмір сүргісі келеді
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанның дамуына, оның өркендеген әлеуетті мемлекетке айналуына әрбір азамат мүдделі. Өйткені, қайсымыз болмасын заң үстемдік құрған әділетті қоғамда өмір сүргіміз келетіні анық. Бұл ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттық басым бағыттарға жыл сайын ерекше назар аударып келеді. 

Ел Президенті өзінің Жолдаулары мен Құрылтай сынды ірі басқосуларда елдің кемел келешегін айқындайтын бағыттарды ұсынады. Атап айтқанда, өмірімізге еніп келе жатқан жасанды интеллектіні тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, әлеуметтік тұрмыстық жағдайды барынша көтеру, қоғам мен биліктің өзара түсіністігін нығайту, өзге ұлттармен бірлікті жақсарту, шағын кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық өсімді арттыру. 

Айталық, ҚР Президентінің 2026 жылға арналған негізгі басымдықтарына назар салсақ, ең бірінші елдің экономикалық әл-ауқатын 6,5 пайызға өсіруді, шағын кәсіп жасағысы келетін азаматтарды қолдаудың үлесін 40 пайызға ұлғайтуды, ал экология бойынша Арал теңізінің тағдырына бей-жай қарамайтынын, су көлемін толтыруда түрлі жобалар қарастырылып жатқанын айта кетті.   

Құқық тұрғысынан «Адал азамат» тұжырымдамасы әрбірімізді жауапкершілік алуға шақырады. Мұнда әділетті қоғам құруға тек мемлекет емес, азаматтар да мүдделі болуы керек. Сонда ғана ел Президенті айтқан ұлттық басым бағыттар орындалмақ. Сонымен қатар, наурызда өткен Ата Заң туралы референдум да еліміздің саяси жаңғыруына атсалысты. 

Ендігі таңда қазақстандықтар жаңа конституциялық үлгіге ауысып, саяси реформаларды әрі қарай жалғастыра түсері сөзсіз. 
Қазақстандықтар тәуелсіздік алғалы түрлі кезеңдерді бастан кешті және заман талабына сай жылдам бейімделе алатын қабілетке ие. 
Түрлі демократиялық сайлауларда дауыс беру арқылы ел болашағына немкетті қарамайтындықтарын дауыс беру арқылы білдірді. Президент айтқан бастамаларды ел болып қолдау, болашаққа бірге жұмылу – бірлік пен күшті, білім мен біліктілікті, жауапкершілікті қажет етеді. Аталған бастамаларды  билік те, халық та үнемі қолдап отырса, сөз жоқ азаматтық қоғам өркендейді. 

Сондай-ақ ҚР Президенті елде заңның үстем болуын, мемлекеттің негіздерін қатайтуға мүдделі. Бұдан бөлек, елдегі бірлік, этностар татулығы, діни мәселе, отбасылық құндылықтар, жастар саясатындағы олардың келешегі, масс медиа, халықтың тұрмысын жақсарту, ұлтымыздың мәдени, рухани байлығын сақтауға шақырады. 
 

Бөлісу