Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қарағанды облысы

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы бағанаға соғылды: зардап шеккендер бар

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы бағанаға соғылды: зардап шеккендер бар
Сурет: куәгерден

Теміртауда жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бірнеше жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Tengri Auto-ға сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Автобус бордюрге шығып кетіп, кейін бағдаршамның темір тіреуіне соғылған. Негізгі соққы көліктің алдыңғы бөлігіне тиген.

Полицияның мәліметінше, оқиға қарбалас уақытта, шамамен сағат 08:40-та Абай, Металлургтер және Республика даңғылдарының қиылысында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 45 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Қарағанды облыстық полиция департаменті хабарлағандай, автобус салонында 20-ға жуық жолаушы болған. Төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

«Жол-көлік оқиғасы дерегі тіркелді. Тексеру жүргізіліп, мән-жайлар анықталуда», - деп атап өтті өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында вахталық автобустың қатысуымен осыған ұқсас жол апаты болған еді. Ол кезде көлік аударылып, 30-дан астам адам зардап шеккен болатын.