Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Қала басшылығының қатысуымен ашылып жатқан жаңа көпір опырылып түсті

Қала басшылығының қатысуымен ашылып жатқан жаңа көпір опырылып түсті
Сурет: ашық дереккөзден

Жаңа көпірдің ресми ашылу салтанаты кезінде көпір опырылып түсті. Оқиға Колумбияның Багадо қаласында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Need To Know мәліметінше, оқиға 19 сәуірде Багадо қаласында болған. Ұзындығы шамамен 85 метр болатын көпір қала орталығын Сан-Марино ауылымен байланыстыруы тиіс еді. Салтанатты шара кезінде қала мэрі Маринела Паломеке Серна жергілікті тұрғындармен бірге көпірдің үстінде тұрғанда, конструкция теңселе бастап, ұстап тұрған канаттар үзіліп кеткен. Салдарынан адамдар өзенге құлаған.

Оқиға куәгерлері бұл сәтті видеоға түсіріп алған: көпір опырылған сәтте оның үстінде бір топ адам болған, кейбірі жақтаулардан ұстап, судың үстінде асылып қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, сегіз адам зардап шекті, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Мэр құрылыс кезінде сапалы материалдардың қолданылуын талап еткенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта билік оқиғаның себептерін тергеуді бастады. Қарастырылып жатқан нұсқалардың арасында  конструкцияға шектен тыс салмақ түсуі мүмкін деген болжам бар.