Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да ескі зираттың үстіне аурухана салынып жатыр

ШҚО-да ескі зираттың үстіне аурухана салынып жатыр
Сурет: видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында тұрғындар аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесінің жаңа корпусы салынып жатқан жерден шығарылған топырақ арасынан ондаған адам сүйегі мен бас сүйектерін тапқан. Бұл туралы жергілікті тұрғын Елена Медведева әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 22 сәуір күні топырақ төгілген ашық жерде белгілі болған. Қала тұрғындарының айтуынша, полиция сүйектерді алып кеткенімен, құрылыс жұмыстары тоқтатылмаған.

Көнекөз қариялар дәл осы құрылыс жүріп жатқан жерде кезінде ескі зират болғанын айтады. Шемонаихада өткен ғасырларда адам өмірін жаппай қиған індеттер (эпидемия) болған. Сондықтан тұрғындар шашылып жатқан сүйектер денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін деп қауіптенеді.

Құрылыс орнынан алынған топырақ төбешікке  тасымалдануда. Қала халқы еріген қар мен жаңбыр суы арқылы бұл қалдықтар өзенге ағып кетуі мүмкін екенін ескертеді. Билік әзірге жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Жанашыр тұрғындар ШҚО-ның экология департаментіне өтініш жолдап, болып жатқан жайтқа көз жұмбауды сұрап видеоүндеу жазды.

Шемонаихалықтар барлық мән-жай анықталғанша жұмысты тоқтатып, сүйектерді қайта жерлеуді талап етуде.