Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

ТүркПА Арменияда Түркия туының өртелуін айыптады

ТүркПА Арменияда Түркия туының өртелуін айыптады
Сурет: Марат Кураков / «Казахстанская правда»

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) Арменияда Түркия туының өртелуін айыптады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланған ТүркПА Бас хатшысы Рамиль Гасанның мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде мұндай әрекеттер өзара сыйластық принципіне нұқсан келтіретіні және аймақтағы қалыптасқан жағдайда шиеленісті одан әрі ушықтыру қаупін тудыратыны атап өтілген.

«Этникалық өшпенділік таныту бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарымен және жауапты қоғамдық мінез-құлықпен үйлеспейді.

Халықаралық құқықтың нормалары мен принциптеріне сүйене отырып, біз аймақтағы тұрақтылық пен конструктивті қызметтің, сондай-ақ бейбітшілікті, өзара сыйластық пен сенімді дамытудың ажырамас элементтері ретінде диалогты, ұстамдылық пен өзара құрметті ілгерілетудің маңыздылығын тағы да баса айтамыз», - делінген құжатта.