Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Жүрсін Ерманның құдасы Тедрос Гебрейесус қазақ тілінде ән айтты

Жүрсін Ерманның құдасы Тедрос Гебрейесус қазақ тілінде ән айтты
Сурет: видеодан скрин

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры құдаларымен бірге қазақтың танымал әнін орындап жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Еске сала кетейік, Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанмен баяғыда-ақ туыстық байланыс орнатқан. Оның ұлы белгілі айтыскер Жүрсін Ерманның немересіне үйленген, демек, қазақ отбасы ол үшін бөтен емес.

Жылы жүздесу өткен отбасылық кеште ДДСҰ басшысы шетте қалмай, құдаларымен бірге «Атамекен» әнін шырқады. Кадрдан депутат Дәулет Тұрлыхановты да көруге болады.

Гебрейесус видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялап, астына мынадай тебіреністі сөздер жазды:

«Керемет кеш үшін рақмет, Ардақ құдағи және Дәулет құда. Бір шаңырақ астында айтылған күлкі, махаббат пен ең жылы әндер. Отбасы - жүрек ән салатын мекен, бүгін менің жүрегім махаббатқа толды».

Ол Қазақстанды өзінің екінші үйі, ал үш немересін өзі үшін ең қымбат жандар деп атады.