Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда RES 2026 халықаралық экологиялық саммиті өтті. Шараға Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдерінің көшбасшылары қатысып, экология мен тұрақты даму мәселелерін талқылады.
Еріктілер Жылы мен экологиялық бастамаларға арналған халықаралық сессия аясында Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова сөз сөйледі. Өз үндеуінде ол Каспий теңізін сақтау мәселесіне жасампаз патриотизм және азаматтардың жеке жауапкершілігі тұрғысынан назар аударды. Сондай-ақ табиғатқа жанашыр болудың Конституцияда бекітілуі — Өркениетті Қазақстанның бағыт-бағдары екенін атап өтті.
Осы бағытта Жаңа адамдар Қозғалысы бірнеше жыл бойы экология саласында жүйелі жұмыс жүргізіп, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтаудан бастап, халықаралық деңгейдегі креативті акцияларға дейін жүзеге асырды.
Оның бір мысалы — Каспий жағалауында өткен бастама. Жаңа адамдар жүздеген белсендісі жағалаудағы елдерді теңізді сақтау үшін күш біріктіруге шақырды.
Бүгінде бұл мәселенің халықаралық алаңда көтерілуі азаматтық белсенділік рөлінің артып жатқанын көрсетеді. Саммит барысында Мемлекет Басшылары халықаралық сарапшылар қауымдастығын жүйелі шешімдер іздеуге шақырды.
Сондай-ақ халықаралық көрмеде Жаңа адамдар белсенділері «Каспийді сақтаймыз» арт-нысанын орнатып, халықаралық деңгейде көлденең байланыстар құрды.
Асель Баденова, «Жаңа адамдар» Қозғалысының көшбасшысы:
«Экология туралы сөз болғанда, көбіне назар технологиялар мен ережелерге аударамыз. Алайда Каспийді, Аралды және табиғатты сақтау — ең алдымен өзіміз туралы әңгіме. Адамның айналасында болып жатқанды байқап, оған араласып, жауапкершілік ала білуі туралы. Нақты өзгерістер осыдан басталады».
Саммит қорытындысы бойынша Caspian Sea Action Week 2026 апталығын өткізу туралы халықаралық меморандумға қол қойылды. Бұл — Каспий теңізі өңіріндегі ең ірі экологиялық бастамалардың бірі, ол күш-жігерді біріктіру мен бірлескен экологиялық жобаларды дамытуды мақсат етеді.