Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

76 жастағы ақсақал Парижге жаяу жетті

76 жастағы ақсақал Парижге жаяу жетті
Сурет: видеодан скрин

Ұлытаулық ақсақал Сәрсенбай Қотырашов әлем елдері бойынша жаяу саяхатын жалғастыруда. Бұл жолы оның межелі нүктесі Париж болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«24KZ» телеарнасының мәліметінше, 76 жастағы саяхатшы өзінің үлкен жаяу жолының кезекті кезеңін аяқтады. Сәрсенбай Қотырашов Парижге дейін жаяу жетті — ол 53 күн ішінде 3 мың шақырымды еңсеріп, жол-жөнекей Сербия, Венгрия, Австрия және Германия елдерін аралады.

Дипломаттар мен отандастарымыз ақсақалды Париждегі Триумф аркасының жанында күтіп алды.

«Өз үлгіммен бүкіл әлемге қазақ халқының ерік-жігері мықты, қайсар халық екенін жеткізгім келеді. Біздің бабаларымыз алғаш болып темір игеріп, металмен жұмыс істеген, астрономиямен айналысып, жылқыны қолға үйреткен. Менің мақсатым  75 жастан асқан жаяу саяхатшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына ену. Ол үшін экватордың ұзындығынан асатын жолды, яғни 40 мың шақырымды басып өту керек. Қазіргі таңда менің еншімде 18 мың шақырым бар. Бұл мақсатыма жетемін деп үміттенемін», - деп бөлісті Сәрсенбай Қотырашов.