Қайғылы оқиға бүгін, 27 сәуірде, Бородулиха ауданындағы Орлов өндірістік кешенінің аумағында болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шахтада тау жыныстары опырылып, алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорынның екі жұмысшысы үйінді астында қалған. Ер адамдардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі тірі, ол қажетті көмек көрсету үшін медициналық қызметке берілді.
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.