Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Құрылыс салушы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның Перизат Қайратпен байланысы бар екені мәлім болды

Құрылыс салушы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның Перизат Қайратпен байланысы бар екені мәлім болды
Сурет: ашық дереккөзден

Құрылыс компанияларының иесі Мөлдір Сүйіншәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz  Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті бірқатар құрылыс компанияларының басшысы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізуде. Тергеу мәліметтері бойынша, 2021-2024 жылдар аралығында Мөлдір Сүйіншәлі өзіне қарасты компаниялар арқылы «Nura Elite» коттедж қалашығын саламыз деген желеумен азаматтардың қаражатын тартқан. Жоба бойынша 37 коттедж бен 24 таунхаус салу көзделген. Бүгінгі таңда нысандарды 2023 жылдың IV тоқсанына дейін аяқтау міндеттемесіне қарамастан, таунхаустар аяқталмаған (тек ғимараттардың қаңқасы ғана тұр)», - делінген хабарламада.

Сатып алушылармен алдын ала сатып алу-сату келісімшарттары жасалғаны атап өтілді.

«Нәтижесінде 56 адам жәбірленуші деп танылды. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, 322 млн теңге көлеміндегі қаражаттың бір бөлігі Мөлдір Сүйіншәлінің өзінің, жұбайы мен анасының шоттарына аударылған, сондай-ақ 145 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған. Жылжымайтын мүлікті екі рет сату дерегі анықталды. Мәселен, жәбірленуші толық төлеген коттедждердің бірін күдікті жеке міндеттемелері бойынша кепіл ретінде пайдаланған, нәтижесінде нысан үшінші тұлғаларға қайта ресімделіп, кейін бірнеше рет қайта сатылған», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Сүйіншәлі «сатып алушылармен іс жүзінде жер учаскелеріне құқықтарды беруді көздейтін келісімшарттар жасасқан, бірақ оған иелік етуге заңды негіздері болмаған».

«Айта кету керек, үлескерлер қаражатының бір бөлігі Астана қаласындағы «Асылхан» тұрғын үй кешенінің құрылысына жер учаскесін сатып алуға жұмсалған. Бұл ретте, құрылысқа рұқсат беру құжаттары болмаса да, ол Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер беретінін жариялаған. Алайда, іс жүзінде тұрғын үй кешенінің құрылысы мүлдем басталмаған. Оған қатысты сот «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда», - деп толықтырды ҚМА.