Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Бішкекте көп әйел алуды заңдастыруды қолдайтындар акция өткізді

Бішкекте көп әйел алуды заңдастыруды қолдайтындар акция өткізді
Фото: time.kz

Бішкектегі Имам Сарахси атындағы орталық мешіттің жанында көп әйел алғандар үшін жауапкершілікті жеңілдетуді талап еткен акция өтті, деп хабарлайды Arasha.kz сайты  NewTimes.kz сілтеме жасап.

Бастамаға қатысушылар көп әйел алуды Қылмыстық кодекстен шығарып, оны әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруды ұсынуда. Акция аясында қол жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл бастамаға діни қайраткер Озубек ажы Чотонов қосылды. Ол бұл қадамның қолданыстағы нормаларды жұмсарту және «мұсылмандардың мәселесін шешу» әрекеті екенін айтып, акцияға қатысу ерікті түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Ұйымдастырушылар жиналған қолдарды мәселені әрі қарай қарау үшін билік өкілдеріне тапсыруды жоспарлап отыр.

Бұл бастама әлеуметтік желілерде қатты қарсылық тудырды. Пайдаланушылар бұл идеяны кері кетушілік деп сынап, керісінше, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуді талап етуде.

Қырғызстан заңнамасына сәйкес, көп әйел алуға тыйым салынған және ол қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. Ресми некеде бола тұра, екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұрғаны үшін айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жауапкершілік қарастырылған.