Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шығыс Қазақстан облысы

Қонаққа барған азамат 150 мың теңге айыппұл арқалап қайтты

Қонаққа барған азамат 150 мың теңге айыппұл арқалап қайтты
Сурет: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысында ер адам танысының үйіне қонаққа барып, шыға берісте есікті тепкені үшін 150 мың теңгеден астам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Облыстық соттардың Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, Катонқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық ісін қарады.

Сот анықтағандай, 2026 жылғы 31 наурызда құқық бұзушы мас күйінде танысының үйінен шығып бара жатып, кіреберіс есікті аяғымен теуіп, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген.
Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтейтінін айтқан.

ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде айыпталушының өкінуін ескерді. Ал құқықбұзушылықтың мас күйінде жасалуы ауырлататын жағдай ретінде танылды.
Сот қаулысымен ер адамға 151 375 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.