30 сәуірде Алматыдағы кремациялық пештің ресми іске қосылуы болып, жұмысы көрсетілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Орда» сайтының мәліметтеріне сүйенсек, адам қайтыс болғаннан кейін оның денесі дайындық және сою жұмыстары үшін мәйітханаға жіберіледі. Қажетті құжаттар рәсімделгеннен кейін марқұмның сүйегі крематорийге жеткізіліп, онда алдын ала дайындық жасалып, дене пешке салынады.
Дене қақпағы бар ағаш табытқа орналастырылады. Табиғатқа зиян келтіруі мүмкін және өртеу процесіне кері әсер ететін кез келген синтетикалық (пластикалық) материалдарды қолданбау маңызды.
«Кремациялық пешті алдын ала 1400 градустан 1800 градус цельсийге дейінгі температураға дейін қыздыру қажет. Пештің жұмыс температурасына жетіп, қызуы мен дайындығына 35 сағатқа дейін уақыт кетеді, ал оның құрылымы тәулігіне сегіз кремацияға дейін өткізуге мүмкіндік береді», - деп жазды басылым.
Кремацияның соңғы кезеңі күлді арнайы капсулаға жинау.
Алматыдағы крематорий 2021 жылы салынып, 2025 жылы қала теңгеріміне берілген болатын. Билік ұзақ уақыт бойы нысанның ресми іске қосылу күнін хабарлаған жоқ.