Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Шетелде ұсталған блогер Қайсар Қамза ел алдына шықты (ВИДЕО)

Шетелде ұсталған блогер Қайсар Қамза ел алдына шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

13 сәуірде Вьетнамда ұсталды деген ақпарат тараған қазақстандық блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде видео жариялап, қазіргі жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, ол қазір Нячанг қаласында жүр және жақын арада Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.

"Ағайындар. Көрінбейсіңдер ғой, жоқ болып кеттіңдер ғой. Жақында Қазақстанға барып қаламын. Вьетнамда Нячангта жүрмін. Экстрадицияға қатысты сот болып жатыр. Соны күтіп жатырмын", – деді ол.

Сондай-ақ ол өзіне қатысты қамау шарасы қолданылмағанын, тек иммиграциялық полиция паспортын уақытша алып қойғанын атап өтті. Қайсар Қамза жақындарына алаңдамауды айтып, бәрі реттелетініне сенім білдірді.

"Бәрі реттеліп кетсін деп, дұғада болыңыздар. Жақсы күндерде кездескенше, ешнәрсе етпейді. Ер адамның басына не келіп, не кетпейді", – деді ол.