Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Мәскеуде Бурятия тумасына сырт келбеті мен тілі үшін шабуыл жасалды

Мәскеуде Бурятия тумасына сырт келбеті мен тілі үшін шабуыл жасалды
Сурет: видеодан скрин

Мәскеудегі автобуста жолаушыларының біріне әйелдің бурят тілінде сөйлегені ұнамай қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бурятия тумасы Наталья С.-ның айтуынша, 20 сәуір күні Мәскеуде автобуспен келе жатып, телефонмен бурят тілінде сөйлескен. Сол сәтте белгісіз әйел Натальяға тіл тигізе бастаған. Жәбірленушінің сөзінше, әлгі әйел оны «чурбан» деп балағаттап, «өз еліңде тұруың керек» деп мәлімдеген. Осыдан кейін Натальяға қол жұмсалған. Ол сондай-ақ автобустағы өзге жолаушылардың да шабуыл жасаған әйелді қолдағанын айтты, деп жазды "Осторожно новости" телеграм арнасы.

«Біздің елге келіп алып, телефонмен өз тілдеріңде сөйлейсіңдер. Біз мұны қалай тыңдауымыз керек? Неге біз мұны тыңдауға міндеттіміз?», - дейді видеодағы жолаушы.

Наталья Бурятияның Ресей Федерациясының құрамына кіретінін түсіндіруге тырысқанымен, бұл қарсыласын сабасына түсіре алмаған. Соңында Наталья полиция шақырды. Ол Мәскеудегі Бурятия өкілдері өзімен байланысқа шыққанын және жағдайды бақылауда ұстайтынын хабарлады.