Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Польшадағы азаматымызды босату үшін төрт елдің басшылары келіссөз жүргізді

Польшадағы азаматымызды босату үшін төрт елдің басшылары келіссөз жүргізді
Сурет: Рixabay

Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шықты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді. Мемлекет басшысы таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді», - деп жазды А. Смадияр

Сонымен қатар ол Қазақстан Президенті оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей Президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайтынын жеткізді. 

«Мемлекет басшысы Польша Президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдамақ», - деп жазды ол.

Бұған дейін Польшада Ресей мүддесіне тыңшылық жасады деп ұсталған Қазақстанның Украинадағы елшілігі әскери атташесінің көмекшісі Әнуар Бәкібаевтың босатылғаны туралы хабарланған еді.