Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Австралияда бес жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген адамға халық өз бетінше жаза қолданды

Австралияда бес жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген адамға халық өз бетінше жаза қолданды
Сурет: видеодан скрин

Бала Австралиядағы Алис-Спрингс қаласының шетінде демалыс күндері жоғалып кеткен. Бірнеше күндік іздестіру жұмыстарынан кейін оның мәйіті бұталардың арасынан табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Reuters агентітгінің жазуынша, Солтүстік аумақ полициясының комиссары Мартин Доулдың айтуынша, 47 жастағы Джефферсон Льюис жергілікті лагерьлердің біріне өзі келген. Полиция оны қызды ұрлау және өлтіру ісіне қатысы бар деп күдіктеніп отыр.

«Ол лагерьге келген кезде, тұрғындар өз бетінше жаза қолдануға шешім қабылдады», – деді Доул.

Жергілікті тұрғындар күдіктіні есінен танғанша ұрып-соққан. Кейін Льюисті жеткізген аурухана маңына шамамен 400 адам жиналды. Сол жерде полициямен және жедел қызмет өкілдерімен қақтығыс басталды. Наразылар түрлі заттар лақтырып, техниканы өртеп, полиция көліктерін, жедел жәрдем және өрт сөндіру машиналарын бүлдірген.

Бірнеше қызметкер жарақат алды. Полиция халықты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Премьер-министр Энтони Альбанезе, полиция және қыздың отбасы тұрғындарды сабырға шақырды. Билік қалаға қосымша полиция күштерін жіберіп, алкоголь сатуға уақытша шектеу енгізді.

Бұған дейін Мексикада есірткі картелінің басшысы жойылғаннан кейін болған тәртіпсіздіктер туралы хабарлаған едік.