Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Үндістанда босап кеткен піл дүрбелең туғызды

Үндістанда босап кеткен піл дүрбелең туғызды
Сурет: видеодан скрин

Үндістанның Керала штатында діни шара кезінде бақылаудан шығып кеткен піл адамдарды жарақаттаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Ангамали ауданында болған. Жануар Кидангурдағы Махавишну храмына мерекелік рәсімдерге қатысу үшін әкелінген. Бір сәтте піл шынжырынан босап шығып, аумақта бейберекет қозғала бастаған. Салдарынан тұрақта тұрған көліктерге, скутерге және инфрақұрылым нысандарына зақым келтірген, деп жазады The Sun.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Коллам қаласының 40 жастағы тұрғыны қаза тапқан. Ол оқиға кезінде жануардың жанында болып, ауыр жарақат алған. Тағы бір ер адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, піл біраз уақыт бойы агрессивті күйде болып, ешкімді маңына жолатпаған. Осыған байланысты оқиға орнына полиция, орман қызметінің мамандары және жануарларды ұстау бойынша арнайы топ шақырылған. Ақырында пілді тыныштандыратын дәрі салынған дротиктердің көмегімен қозғалыссыз күйге түсіріп, қасиетті орын маңындағы кокос пальмасына байлаған.

Қазір билік оқиғаның мән-жайын, соның ішінде пілді ұстау жағдайы мен шараның ұйымдастырылуын тексеріп жатыр.

Бұған дейін Үндістанда ресейлік әйелдің даулы «қызғылт фотосессиясы» пілдің өлімімен аяқталғаны хабарланған еді.