Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да орман өртіне ТЖМ авиациясы жұмылдырылды

ШҚО-да орман өртіне ТЖМ авиациясы жұмылдырылды
Сурет: видеодан скрин

Ұлан ауданында Бұқтырма су қоймасының Аюда шатқалында, Приморск орманшылығы аумағында шөп, бұталар мен ағаштары өртенді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өртті сөндіру үшін ТЖМ авиациясының тікұшағы жұмылдырылды.

«Оқиға орнында орман шаруашылығы қызметкерлері мен ШҚО ТЖД күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіру жұмыстары таулы аймақ пен желдің екпініне байланысты күрделенуде»,- деп хабарлады ТЖД.

Өртті сөндіру жұмыстары таулы аймақ пен желдің екпініне байланысты күрделенді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылды. Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ. Жағдай бақылауда.

Барлығы «Қазәуеқорғаныс» ТЖМ әуе кемесімен 7 рет су төгіліп, 21 тонна су шашылды.