Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, күн күркірейді. Елдің батысы мен солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал, ал батыс пен солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың шығысы мен орталығында антициклон сілемі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, ал батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында және Абай облысының батысы мен орталығында топырақ бетінде -1-2 градус үсік жүреді.
Өрт қаупі бойынша ескерту:
Жоғары өрт қаупі: Қызылорда (шығыс, оңтүстік, орталық), Түркістан (солтүстік), Жамбыл (солтүстік, орталық), Алматы (солтүстік), Жетісу (батыс, солтүстік), Ақтөбе (оңтүстік), Ақмола (оңтүстік-шығыс), Солтүстік Қазақстан (батыс), Павлодар (батыс, солтүстік, шығыс), Қарағанды (батыс, солтүстік, оңтүстік), Ұлытау (орталық), Шығыс Қазақстан (батыс, солтүстік-батыс) және Абай облыстарында (оңтүстік, шығыс, орталық, солтүстік-батыс).
Төтенше өрт қаупі: Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде сақталады.
Ірі қалалардағы ауа райы:
Астана: Күн бұлтты, түстен кейін өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +25+27.
Алматы: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде +12+14, күндіз +22+24.
Шымкент: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде +12+14, күндіз +25+27.
Аймақтардағы болжам:
Ақмола облысы: Батыс, солтүстік және орталықта, күндіз оңтүстікте де жаңбыр жауады. Күндіз +22+27.
Ұлытау және Қарағанды облыстары: Жауын-шашынсыз. Күндіз +23+28.
Батыс Қазақстан облысы: Күндіз батыс пен оңтүстікте күн күркірейді. Күндіз +20+25.
Атырау облысы: Облыстың басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Күндіз +22+27.
Маңғыстау облысы: Батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр жауады. Күндіз +27+32.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары: Жаңбыр жауады. Күндіз +15 пен +21 аралығында.
Павлодар облысы: Күндіз солтүстігінде жаңбыр. Күндіз +23+28.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстары: Жауын-шашынсыз. Күндіз +20+26.
Қызылорда облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз +26+31.
Түркістан және Жамбыл облыстары: Таулы аймақтарда күн күркірейді. Күндіз +25+30.
Алматы облысы: Түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста жаңбыр. Күндіз +22+27.
Жетісу облысы: Күндіз таулы аймақтарда аздаған жаңбыр. Күндіз +21+26.
Гидрологиялық болжам: Жаңбырдың салдарынан еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы, ал СҚО-дағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.