Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тоғыз адам жарақат алған. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазір нысанда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оған ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары, кинологтар және дәрігерлер жұмылдырылған. Үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін ТЖМ төрт адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлаған болатын.
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті министрліктер мен ШҚО әкімдігіне қабылданған шаралар туралы есеп беруді тапсырды.