Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Түркия стратегиялық деңгейдегі қаруын таныстырды

Түркия стратегиялық деңгейдегі қаруын таныстырды
Сурет: ашық дереккөзден

Түркия Ыстамбұлда өткен SAHA 2026 көрмесінде өз өндірісіндегі құрлықаралық баллистикалық зымыранын алғаш рет көрсетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап Arasha.kz сайты хабарлайды. 

Yıldırımhan деп аталатын жобаны елдің Қорғаныс министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу орталығы ұсынды.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, зымыранның ұшу қашықтығы 6 мың шақырымға дейін жетеді. Ал жылдамдығы 9-дан 25 Мах аралығында деп көрсетілген.

Сондай-ақ, зымыран төрт қозғалтқышпен жабдықталған және отын ретінде азот тетраоксидін пайдаланады.

Әзірге бұл кешеннің қару-жарақ қатарына қашан қабылданатыны және сынақ нәтижелері туралы нақты ақпарат берілмеді.

Бұл таныстырылым қорғаныс көрмесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып, Анкараның әскери-технологиялық әлеуетін күшейтуге бағытталғанын аңғартады.

Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гюлер Yıldırımhan туралы:

«Қажет болған жағдайда оны еш күмәнсіз қолданатынымызға ешкім күмән келтірмесін», — деді.

Бөлісу