АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қатысты жағдайдан кейін Вашингтон Куба мәселесіне де назар аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, Кубаға қатысты ешқандай "мұнай блокадасы" жоқ. Рубионың сөзінше, Куба бұрын Венесуэладан тегін мұнай алып келген, алайда ол мұнай халықтың игілігіне пайдаланылмай, керісінше валюталық пайда үшін қайта сатылған. Венесуэла бұл жеткізілімді тоқтатқан, сондықтан қазіргі жағдайды толыққанды блокада деуге келмейді.
"Кубадағы жағдаймен айналысамыз, бірақ бүгін емес", – деді ол Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар Рубио негізгі назардың қазір Иран мен Ормуз бұғазы маңындағы жағдайға бағытталғанын айтты. Оның пікірінше, АҚШ-тың әрекеттері қорғаныс сипатында жүргізілуде.
"Ормуз бұғазындағы АҚШ операциясы шабуыл емес, қорғаныс сипатында", – деді ол.
Мемлекеттік хатшы Иранның экономикалық жағдайына да тоқталып, елде инфляция 70%-ға жеткенін және ұлттық валюта құнсызданып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Иранға санкцияны айналып өтуге көмектесетін кез келген шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ-тың екінші деңгейлі санкцияларына ұшырайды.
Рубио АҚШ-тың аймақта тұрақтылық орнауын қалайтынын да жеткізді.
"Біз Ормуз бұғазының соғысқа дейінгі жағдайына қайта оралғанын қалаймыз", – деді ол.
Ол Иран билігін қатаң сынға алып, олардың әрекетін ақылға қонымсыз деп сипаттады.
Сонымен қатар, АҚШ "Эпикалық ашу" операциясының аяқталғанын және Конгреске бұл туралы хабарланғанын мәлімдеді. Ал енді "Бостандық жобасы" атты жаңа операция басталғаны айтылды.