Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Өскеменде өзенді жүзіп өтпек болған екі жігіт суға батып кетті

Өскеменде өзенді жүзіп өтпек болған екі жігіт суға батып кетті
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысындағы Согра ауданында Үлбі өзенінен жүзіп өтпек болған екі жас жігіт суға кетіп, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 3 мамыр күні болған. Куәгерлердің айтуынша, 2003 жылы туған үш жігіт ағысы қатты өзенді жүзіп өтпек болған. Алайда олардың тек біреуі ғана жағаға шығып аман қалған.

Суға кеткен екі жігіттің бірінің мәйіті 4 мамыр күні Степное ауылының маңынан табылды. Қазір екінші азаматты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына сүңгуірлер мен дрондар жұмылдырылған. Алайда өзендегі су деңгейінің көтерілуі мен қатты ағыс құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіріп отыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар көбіне судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан болады.