Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Естелік

Меруерт Өтекешова Құман Тастанбековпен махаббат хикаясының сырын ашты

Меруерт Өтекешова Құман Тастанбековпен махаббат хикаясының сырын ашты
ашық дереккөзден

Халық әртісі Меруерт Өтекешова жұбайы Құман Тастанбековпен арадағы алғашқы кездесу сәттері туралы естелігімен бөлісті. Бұл жайында ол Azan Radiosy-на берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Актрисаның айтуынша, олардың романтикалық кездесулері көбіне таңертеңгі құймақханада өткен.

"Қыз Жібек" фильмін түсіру барысында Меруерт Өтекешова бір жылдай түсірілім алаңында жұмыс істесе, Құман Тастанбеков сол уақытта театр сахнасында қызмет еткен. Сондықтан олардың қарым-қатынасы бірден басталып кеткен жоқ, біртіндеп қалыптасқан.

"Бәрі кинодан кейін бірден тұрысқа шықты деп ойлайды. Бірақ олай болған жоқ. Ол кезде менің ондай ойым да болмады", – деді актриса.

Өтекешова олардың махаббат хикаясындағы есте қаларлық сәттерді де тілге тиек етті. Оның айтуынша, қос ғашықтың кездесулері көбіне таңғы мезгілде басталып, құймақханада жалғасып отырған.

"Алматыдағы Алатау кинотеатры маңында, Абылайхан мен Жібек жолы көшелерінің бойында құймақ пісіретін кафе болатын. Біз таң ата кездесетінбіз, құймақ жейтінбіз. Сосын ол театрға, мен оқу орныма кететінмін. Ол кезде шынайы романтика бар еді", – деп еске алды актриса.