Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Естелік

"Жақсы көрген жоқпын": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов туралы шындығын айтты

"Жақсы көрген жоқпын": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов туралы шындығын айтты
ашық дереккөзден

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова марқұм жары Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтты, деп Arasha.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, ол бастапқыда белгілі саясаткерге ғашық болмаған. Керісінше, одан сескенгенін жасырмады.

Мақпал Жүнісова бұл туралы 2024 жылы "Din Dina Show" бағдарламасында әңгімелеген. Әнші Заманбек Нұрқаділовтің өзіне көңілі ауып, кейін қарым-қатынасқа өзі бастамашы болғанын жеткізді.

"Мен ол кісінің есігін қағып, босағасына барып "Мені алшы" деп жалынған емеспін. Тіпті ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. "Шешең берсе де, бермесе де аламын" деді. Қолында билігі болды. Айналасында біз қорқатын адамдар болды. Алғаш кезде біз ол кісіден қорықтық. Кейін барып, сыйластық орнады. Ал Зәкең орнынан түсіп қалғанда, мен де кетіп қалсам, халық шулайтын еді. "Бастық болғанда қатыны болып еді, биліктен кеткенде Мақпал да кетіп қалды" деп сөгетін еді", – деді өнер иесі.

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен заңды некеге бірден тұрмағанын айтты. Әншінің сөзінше, екеуі 1991 жылы бірге өмір сүре бастағанымен, ресми некелерін тек 1998 жылы тіркеген.

"Қиын сәтте жанында қалдым. Екеуміз де әкесіз өстік. Ол да мен сияқты қайыршы болатын. Билік те қолдан кетті. Байлығы да болмады. Ол жақпен өштесетіндей жалғыз Зәкең емес екі әйел алған. 10 әйел да алып жатқандар бар. Мен Зәкеңді ұстағым келсе, бірден АХАТ бөліміне барар едім. Мен бармай қойдым. Жақсы көрсеңіз құжатыз тұрамыз дедім. 1991 жылы шаңырақ көтердік, 1998 жылы заңды некеге тұрдық. Ол уақытқа дейін кететін еркек кетіп қалатын еді. Өзі қайтпай қойды. Кейде ашуланып келгенде, "Ұрпақтарыңыз бар, барыңыз сол жаққа" деп айтамын. "Жоқ, қайтпаймын, саған ашуланып тұрған жоқпын" дейтін. Мен ол кісінің жолын байлаған жоқпын", – деді халық әртісі.