Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Естелік

"Өзіме ұқсайтын еді": Назарбаев немересі Айсұлтан туралы айтқан естелігі

"Өзіме ұқсайтын еді": Назарбаев немересі Айсұлтан туралы айтқан естелігі
Dalanews.kz коллажы

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың өлімі туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Фильм барысында Назарбаев үш қызынан тараған немерелері бар екенін еске алып, 2020 жылы бір немересінен айырылғанын жеткізді. Оның сөзінше, Айсұлтан мінезі мен болмысы жағынан өзіне қатты ұқсайтын болған.

"Өкінішке қарай, биыл бір немеремді жоғалтып алдық. Ол маған өте ұқсайтын еді. Өз уақытынан ерте өмірден өтті", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ ол Айсұлтанның денсаулығы мен өмір салтына байланысты қиындықтары болғанын айтты. Назарбаевтың сөзінше, отбасы оны емдетуге тырысқан. Ол Мәскеуде де, Лондонда да ем алған, бірақ жағдайды толық бақылауда ұстау мүмкін болмаған.

"Оны ешқайда жібермесе де болар еді. Бірақ оны ұстап отыру мүмкін болмады. Ол бұл істің құлы болған, тоқтай алмады. Біз оны Мәскеуде емдедік, Лондонда да емдедік. Қайта шығып, қайта оралатын", – деді ол.

Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы өмірден өтті. Оның қазасы сол кезде қоғамда кеңінен талқыланған еді. Ол Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы болатын.

"Штрихи к портрету" деректі фильмі Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметіне арналған көпсериялы жоба ретінде ұсынылған. Онда оның отбасы, жеке өмірі, ел басқару жолы және бұрын көп айтыла бермеген естеліктері қамтылған.