Алматыдағы клиникалардың бірінде дәрігерлер ерекше жағдайға тап болды. Іші ауырып, кеуіп кеткеніне шағымданған келіншек өзінің жеті айлық жүкті екенін білмеген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Медициналық холдингтің СЕО-сы Юсуф Мухамедовтың айтуынша, әйел емханаға ішінің кебуі мен ішек тұсындағы ауырсынуға байланысты келген. Сонымен қатар ол соңғы уақытта қатты арықтап, кейін қайта салмақ қоса бастағанын айтқан.
Науқастың нақты жағдайы ультрадыбыстық зерттеу кезінде белгілі болған. Бұл жаңалық дәрігерлерді ғана емес, жас келіншектің өзін де қатты таңғалдырған. Тексеру нәтижесінде оның жеті айлық жүкті екені анықталған.
Күтпеген жаңалықтан кейін әйелдің толғағы бірден басталып, дәрігерлер босануды кабинет ішінде қабылдауға мәжбүр болған.
"Дені сау қыз бала дүниеге келді. Нәресте туған сәтте бірден жылады. Анасы мен сәбиінің жағдайы тұрақты", – деді дәрігерлер.
Белгілі болғандай, келіншек алғаш рет ана атанып отыр. Ол көптен бері қызды болуды армандаған екен.