Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында адам кептелісі туындады

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында адам кептелісі туындады
Сурет: Татьяна Корякина / Kazinform

Қазақстан ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстанмен шекарадағы «Қапланбек» өткізу пунктінде адамдардың жиналып қалғанын хабарлады. Бұған көршілес тараптағы тіркеу жүйесінің жұмысындағы іркілістер себеп болған, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мәселе Өзбекстанның «Навои» өткізу пунктінде туындаған. Осыған байланысты азаматтардың бір бөлігі көрші елдің аумағына кіру үшін күтуге мәжбүр.

Сонымен қатар, ҰҚК қазақстандық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және шекарадан өтуге ешқандай шектеулер қойылмағанын баса айтты.

Сондай-ақ, тараптар арасында шекара өкілдері деңгейінде өзара іс-қимыл орнатылғаны хабарланды. Өзбек тарапының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмысын қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Шекара қызметі азаматтардан сапарларын жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеруді сұрады.