Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Жүріп бара жатқан пойыздың астына құлаған баласын құтқарған әке жұртты таңғалдырды

Жүріп бара жатқан пойыздың астына құлаған баласын құтқарған әке жұртты таңғалдырды
ашық дереккөзден

Бангладеште теміржол станциясында болған оқиға көпшілікті шошытты. Қозғалып кеткен пойыздан рельске құлап кеткен бір жасар баланы әкесі соңғы сәтте аман алып қалған, деп Arasha.kz тілшісі Daily Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға кезінде сәби вагоннан түспек болған сәтте платформа мен пойыздың арасындағы саңылауға құлап кеткен. Мұны байқаған әкесі бірден артынан секіріп, баласын құшағына қысып, рельс жанындағы тар кеңістікке тығылған.

Басылым мәліметінше, олардың үстінен сегіз вагон өтіп кеткен. Соған қарамастан, әкесі мен баласы аман қалған. Дәрігерлер олардың ауыр жарақат алмағанын айтқан.

Куәгерлер бұл жағдайды нағыз ғажайыпқа теңеп отыр. Ал станция қызметкерлері ер адамның еш ойланбастан әрекет етуі баланың өмірін сақтап қалғанын жеткізді.