Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Мектепке барғысы келмеген 13 жастағы жасөспірім әкесін атып тастады

Мектепке барғысы келмеген 13 жастағы жасөспірім әкесін атып тастады
iStock/Shubham Singh

АҚШ-тың Луизиана штатында мектепке барудан бас тартқан жасөспірімнің әрекеті қайғылы жағдаймен аяқталды. 13 жастағы бала әкесіне оқ атып, ер адам кейін ауруханада көз жұмды, деп Arasha.kz тілшісі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға таңертең болған. Әкесі ұлын мектепке апара жатқан кезде жасөспірім көліктен түсуден бас тартып, жанжал шығарған. Жағдайды байқаған мұғалімдер даудың ушығып кетпеуі үшін әкесіне баланы үйіне қайтаруға кеңес берген.

Алайда үйге қайтып бара жатқан жолда жағдай күрт қиындаған. Көлік қозғалып келе жатқан сәтте салон ішінде оқ атылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, тұрғын үйге соғылған.

Оқиға кезінде көлікте бес жастағы тағы бір бала болған. Абырой болғанда, ол жарақат алмаған.

Ал ауыр жараланған әке жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Оқиғадан кейін жасөспірім көліктен түсіп, қолындағы қарумен мектепке қарай бет алған. Оны маңайда жүрген полиция қызметкері байқап, дер кезінде ұстап үлгерген.

Қазір күдікті қамауға алынған. Тергеушілер жасөспірімнің қаруға қалай қол жеткізгенін және оқиғаның басқа да мән-жайын анықтап жатыр.