Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Иран АҚШ базаларына жойқын соққы жасайтынын ескертті

Иран АҚШ базаларына жойқын соққы жасайтынын ескертті
depositphotos.com

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ тарапынан ирандық мұнай танкерлері мен сауда кемелеріне шабуыл жасалған жағдайда Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға жаппай соққы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

КСИР таратқан мәлімдемеде:

"Иранның мұнай танкерлері мен коммерциялық кемелеріне жасалған кез келген шабуыл аймақтағы америкалық базалардың біріне және қарсылас кемелерге қуатты соққымен жауап берілуіне әкеледі", – делінген.

Бұл ескерту АҚШ-тың екі ирандық мұнай танкеріне соққы жасағанынан кейін жарияланды. Америкалық тарап танкерлер Иран порттарына қойылған блокаданы бұзуға әрекеттенді деп мәлімдеген.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи де АҚШ-тың соңғы әскери әрекеттерін қатаң сынға алды. Ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Вашингтонның қысым көрсету саясаты нәтиже бермейтінін атап өтті.

"Дипломатиялық шешім мүмкіндігі туған сайын АҚШ әскери авантюраны таңдайды. Иран халқы ешқашан қысымға бас имейді", – деп жазды министр.

Сондай-ақ Аракчи АҚШ барлау қызметтерінің Иранның әскери әлеуетіне қатысты бағасын жоққа шығарды.

"Біздің зымыран қоры мен ұшыру мүмкіндіктері 28 ақпандағы деңгейдің 75 пайызы емес, 120 пайызына жетеді. Ал халқымызды қорғауға дайындық деңгейіміз – 1000 пайыз", – деді ол.

Бұған дейін Иран тарапы Қытайдан өңірдегі "соғыстан кейінгі жаңа тәртіпті" қалыптастыруда қолдау күтетінін де мәлімдеген.