Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Макрон былтыр әйелінен не үшін шапалақ жегені белгілі болды

Макрон былтыр әйелінен не үшін шапалақ жегені белгілі болды
Сурет: VNA

Француз журналисі Флориан Тардиф Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның жұбайы Брижит Макронның қатысуымен өткен жылғы Вьетнамға сапары кезінде орын алған даулы оқиғаның жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

RTL радиостанциясының эфирінде журналист жанжалға Макронның франко-ирандық актриса Гольшифте Фараханимен қарым-қатынасы себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тардифтің айтуынша, Брижит Макрон президенттің телефонынан актрисаның хабарламасын көріп қойған-мыс. Журналист француз лидерінің бірнеше ай бойы Фараханимен «рухани қарым-қатынаста» болғанын және онымен жеке хат алмасқанын алға тартады.

Тардиф дәл осы жағдай ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілікке әкеліп, БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқыланған ұшақ бортындағы оқиғаға соқтыруы мүмкін деп болжайды.

Сонымен қатар, француздың Le Parisien газеті бірінші ханымның айналасындағыларға сілтеме жасай отырып, бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Брижит Макронның өкілдері оның күйеуінің телефонын ешқашан тексермейтінін баса айтты.