Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Трамп Африкада ДАИШ жетекшілерінің бірін жойғанын мәлімдеді

Трамп Африкада ДАИШ  жетекшілерінің бірін жойғанын мәлімдеді
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ Президенті Дональд Трамп Африкадағы ДАИШ лаңкестік тобының жетекшілерінің бірі көзі жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Америка лидері өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамптың айтуынша, операцияны АҚШ әскерилері Нигерия қарулы күштерімен бірлесіп жүргізген. Шара барысында АҚШ президенті «әлемдегі ең белсенді лаңкес» деп атаған Абу-Билал әл-Минукидің көзі жойылды.

«Бүгін түнде менің бұйрығыммен айбынды америкалық әскери қызметшілер мен Нигерия қарулы күштері мұқият дайындалған және аса күрделі операцияны сәтті жүзеге асырды», - деп жазды Трамп.

Ақ үй басшысы сондай-ақ Америка барлау қызметі лаңкестің Африка аумағындағы әрекеттерін бақылап отырғанын және оның көзін жою аймақтағы ДАИШ қызметіне үлкен соққы болғанын мәлімдеді.

Трамп көзі жойылған содырдың бұдан былай бейбіт тұрғындар мен АҚШ азаматтарына қарсы шабуылдарды ұйымдастыруға қатыса алмайтынын атап өтті. Президент Нигерия билігіне операцияны өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.