Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

"Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды" деген ақпаратқа түсініктеме берілді

"Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды" деген ақпаратқа түсініктеме берілді
видеодан скриншот

Астанадағы University Medical Center желіде тараған Нұрсұлтан Назарбаевқа жүрегіне тағы да операция жасалды деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Медициналық орталықтың баспасөз қызметі бұл мәліметтің қазіргі жағдайға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. UMC өкілдерінің айтуынша, кардиохирург Юрий Пя жасаған делінген операция туралы жарияланымдар ескі деректерге негізделген.

"Желіде ескірген ақпарат тарап жатыр. Қоғамды жаңылыстырмау үшін тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз", – деп хабарлады медициналық орталық.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары Қазақстанның Тұңғыш президенті ауруханаға жатқызылып, жүрегіне операция жасалды деп жазған еді. Бірқатар жарияланымда операцияның бір жыл бұрын жоспарланғаны, бірақ экс-президенттің жұмыс кестесіне байланысты кейінге қалдырылғаны айтылған.

Алайда UMC бұл мәліметтердің жаңа ақпарат емес екенін түсіндірді. Назарбаевқа жасалған операция туралы соңғы ресми хабарлама 2023 жылы жарияланған. Сол кезде хирургиялық араласуды Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Юрий Пя жасағаны хабарланған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл 86 жасқа толады.