Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әнші күйеу баласы қуанышты жаңалығын айтты

Димаш Құдайбергеннің әнші күйеу баласы қуанышты жаңалығын айтты
ашық дереккөзден

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің жұбайы Ермахан Аймахан шығармашылықтағы жаңа қадамын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Instagram парақшасында жаңа әнін жарыққа шығарғанын хабарлады. Ермаханның айтуынша, туынды қазір барлық музыкалық платформаларда тыңдарманға қолжетімді.

Жас өнер иесінің бұл жаңалығы әлеуметтік желі қолданушылары мен Димаштың жанкүйерлері тарапынан жылы қабылданды. Оқырмандар Ермаханға шығармашылық табыс тілеп, жаңа әніне сәттілік білдірді.

Сонымен қатар көпшілік Раушан Құдайберген мен Ермахан Аймаханға да ақ тілектерін арнады. Желі қолданушылары олардың жарасымды жұп екенін айтып, отбасыларына бақыт пен береке тіледі.

"Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Өте әдемі жұп! Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз" деген пікірлер жиі жазылып жатыр.

Осылайша, Ермахан Аймаханның жаңа туындысы тыңдарман назарын аударып, көпшілік тарапынан қолдау тапты.