Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Балқаштағы кафеде атыс болып, даяшы қыз жараланды

Балқаштағы кафеде атыс болып, даяшы қыз жараланды
Сурет: HALYQSTAN

Оқиға 21 мамырда түн ортасы шамасында қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның мәліметінше, таныстар арасында кикілжің орын алып, кейін ол төбелесе ұласып, травматикалық қаруды қолданумен аяқталған.

Салдарынан кафе қызметкері зардап шекті. Ол оқтан жеңіл (денеге енбеген) жарақат алған.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде іс бойынша бірнеше күдіктіге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады.

Halyqstan телеграм арнасы Қарағанды облыстық Полиция департаментімен осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полиция оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады және қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп қосты ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.