Батыс Ресейдің одақтастарын, ең алдымен, оның көршілес мемлекеттерін өз жағына шығаруға күш салуда. РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, қазіргі таңда бұл тактика Арменияға қатысты да қолданылып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сыртқы және қорғаныс саясаты кеңесінің жыл сайынғы жиынында сөйлеген сөзінде Лавров: «Батыс біздің көршілерімізден бастап, одақтастарымызды бөліп алуға тырысуда. Бұған дейін Грузия мен Молдоваға қалай әрекет етсе, қазір Украинаға да соны істеп жатыр. Дәл сол қате логиканы енді Арменияға да таңуға әрекет жасалуда», – деді.
Министрдің пікірінше, Батыс елдерінің бұл әрекеттерінің түпкі мақсаты біреу ғана – ол «Ресейге барынша ауыр соққы беру».