Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Пентагон белгізі ұшатын нысандар туралы жаңа құжаттарды жариялады

Пентагон белгізі ұшатын нысандар туралы жаңа құжаттарды жариялады
Сурет: ашық дереккөзден

War.gov/UFO/ сайтында ондаған бейнежазбалар, суреттер мен куәгерлердің айғақтары жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) «белгісіз ұшатын нысандар» (ҰБН/UFO) және «белгісіз әуе құбылыстарына» (UAP) қатысты жаңа құжаттарды, видеолар мен суреттерді көпшілік назарына ұсынды.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл материалдар АҚШ президенті Дональд Трамптың ҰБН мен UAP-қа қатысты құпияны ашу және жариялау туралы тапсырмасынан кейін жарық көрген.

Сайттағы материалдар арасында қарапайым азаматтар мен әскерилердің куәліктері, тергеу жазбалары және ресми есептер бар.

Жарияланған видеолардың бірінде 2019 жылы Парсы шығанағында АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) инфрақызыл сенсоры арқылы түсірілген үш нысан көрсетілген. Ал 2022 жылғы тағы бір видеода Иран жағалауындағы кемелердің маңынан өткен төрт белгісіз нысан тіркелген.

Пентагон ҰБН және UAP бойынша алғашқы құжаттар топтамасын 8 мамырда жариялаған болатын, содан кейін ведомство сайтына бір миллиардтан астам адам кірген.

Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп тиісті органдарға «бөтен планеталық және жерден тыс өмірге» қатысты құжаттарды жариялауды тапсырған еді.