Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Оралдық әпкелі-сіңлі жантүршігерлік қазаға ұшырады: Тың деректер

Оралдық әпкелі-сіңлі жантүршігерлік қазаға ұшырады: Тың деректер
Фото: әлеуметтік желіден

2025 жылдың 23 қыркүйегінде Орал қаласында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға барысында Chevrolet Cobalt пен Toyota Mark X көліктері соқтығысып, нәтижесінде Chevrolet көлігіндегі 41 және 32 жастағы әпкелі-сіңлілі екі әйел қаза тапқан.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы — 50 жастағы зейнеттегі бұрынғы полиция қызметкері Рауан Избасаров. Тергеу нұсқасы бойынша, ол солға бұрылу кезінде қарсы бағыттағы көлікке жол бермеген.

Прокурор айыпталушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыруды сұраған. Марқұмдардың бірінің артында екі баласы қалған, ал екіншісі жақын күндері тұрмысқа шығуды жоспарлаған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, марқұмдардың туыстарынан кешірім сұраған. Дегенмен қорғау тарапы қарсы көлік жүргізушісінің жылдамдықты асыруы да апатқа әсер етуі мүмкін екенін алға тартуда.

Іс алқабилердің қатысуымен қаралуда, ал сот үкімі алдағы күндері жарияланады.