Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Аю қонақүйге кіріп кетіп, демалушылардың зәресін алды (Видео)

Аю қонақүйге кіріп кетіп, демалушылардың зәресін алды (Видео)
Сурет: видеодан скрин

Қонақүйлердің біріне аю кіріп кетіп, демалушылар мен қызметкерлер арасында дүрбелең туғызды. Алайда полиция оқиға орнына барудан бас тартқан. Оқиға Румынияда болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, жыртқыш есікті өздігінен ашып, ғимарат ішіне кірген. Кейін бөлмелерді аралап, қызметтік аймақта азық іздеп жүрген. Бұл жағдай қонақүй қызметкерлері мен туристерді әбігерге салған, деп жазды Baza телеграм арнасы.

Қонақүй қызметкерлерінің бірі 112 нөміріне хабарласқанын, алайда операторлар «қонақүйдегі аю төтенше жағдайға жатпайды» деп жауап беріп, қайта қоңырау шалмауды сұрағанын айтқан.

Тамақ таппаған аю біраз уақыттан кейін өздігінен орманға кетіп қалған.

Румыниялық басылымдардың жазуынша, жабайы жыртқыштардың жиі көрінуі елдегі ең танымал тау курорттарының бірі саналатын Пояна-Брашов курортының беделіне кері әсер ете бастаған.