Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Никабқа тыйымнан кейін мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Никабқа тыйымнан кейін мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Сурет: ЖИ

Қазақстанда никаб пен бетті жабатын киімге тыйым енгізілгеннен кейін мыңнан астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Елімізде қоғамдық орындарда никаб, бетперде және адамның жүзін толық жабатын өзге де киім түрлеріне қойылған шектеуден кейін 1179 адам жауапкершілікке тартылды.

Полиция мәліметінше, жаңа талаптар күшіне енген уақыттан бері құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылған. Ішкі істер министрлігі алғашқы құқық бұзушылық үшін әзірге ескерту берілетінін хабарлады.

Ал бір жыл ішінде талапты қайта бұзған азаматтарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл 43 250 теңгені құрайды.

Сонымен қатар полиция өкілдері тыйым барлық жағдайға бірдей қатысты емес екенін түсіндірді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, медициналық себептермен, жұмыс барысында, спорттық немесе мәдени іс-шаралар кезінде бетперде мен бетті жабатын киім киюге рұқсат етіледі.