15 жастағы Полат өмірдің ауыр сынағына тап болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның қарындасының екі бүйрегі бірдей істен шыққан. Қымбат ем, баспана мәселесі және баланың өмірі үшін күрес отбасыны тығырыққа тіреген.
Бетперде киген қайырымды азамат кішкентай қыздың ем-дом шығындарына қаражат беріп, Полаттың отбасына пәтер сыйлады.
Бұл оқиға көпшілікті тебірентіп, қиын сәтте қол ұшын созудың, адамға үміт сыйлаудың шынайы үлгісіне айналды.
Полат өз сөзінде:
«Үйдің үлкені болған өте қиын. Кейде мектеп оқушысы деп жұмысқа да алмайды. Жұмыс таба алмай қаламын. Сол кездерде «беретін ақшаның 1000 теңгесін алып қалыңыз да мені жұмысқа алыңызшы» деймін. Қарындасып жазылса менің арманым қалмаушы еді» деді.