Amazon негізін қалаушы, танымал миллиардер Джефф Безостың зымыраны Флоридадағы сынақ кезінде жарылып кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
New Glenn зымыран қозғалтқыштары іске қосылғаннан кейін қатты жарылыс орын алып, Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағының үстінде үлкен отты саңырауқұлақ пайда болды. Ұшырылым кадрларында зымыранның түбінен алдымен жарқыл шығып, артынша қуатты жарылыс болғаны анық көрінеді.
New Glenn зымыранын әзірлеуге шамамен 2,5 миллиард доллар жұмсалған. Ол 2012 жылдан бері жасақталып келген еді. Компания бұл зымыран арқылы Amazon-ның интернет-спутниктерін орбитаға шығаруды жоспарлаған болатын.
