Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атырау облысында жантүршігерлік жағдай: 4 адам тіл тартпай кеті

Атырау облысында жантүршігерлік жағдай: 4 адам тіл тартпай кеті
Фото: freepik

Атырау облысының Индер ауданында болған жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 мамыр күні таңғы сағат 06:30 шамасында Индер – Қарабау тасжолының 15-шақырымында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai Sonata маркалы көлік аударылып кеткен. Көлікті 41 жастағы ер адам басқарған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.